Футбол

Кабананга: «Жанкүйерлерден бүгінгі нәтиже үшін кешірім сұраймын»

news-banner7
mobile-news-top

«Астана» футбол клубы Еуропа Лигасының топтық кезеңінің соңғы туры аясында франциялық «Ренн» командасына қарсы ойнап, 2:0 есебімен жол берді.

Ойын соңында елорда командасының шабуылшысы Жуниор Кабананга кездесу туралы өз пікірімен бөлісіп, сырт алаңдағы кездесуде командаға қолдау көрсеткен жанкүйерлерге рахметін айтты:

- Біздің бүгінгі ойында мүлде жолымыз болған жоқ. Қарсылас команда өз алаңында, өз жанкүйерлері алдында өте жақсы ойын үлігісін көрсетіп, қажетті голдарын соғып кетті. Мен бізге қолдау көрсеткен барша жанкүйерлерден бүгінгі көрсеткен ойыным үшін және нәтиже үшін кешірім сұраймын. Мен бүгінгі ойында гол соға алмадым, алайда жанкүйерлер қолдауын сезініп келемін. Дегенмен, өмір жалғасуда. Алдағы маусымға барынша мықты болып оралуға тырысатын боламыз.

Түпнұсқасы: http://fcastana.kz/kaz/news/5062 Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер