Футбол

Жереми Стефан: «Лайықты жеңіске қол жеткіздік»

news-banner7
mobile-news-top

«Ренн» - «Астана» арасындағы кездесу аяқталғаннан кейін франциялық команда бас бапкері Жереми Стефанның қатысумен баспасөз жиыны өтті:

- Менің ойымша біз лайықты жеңіске қол жеткіздік. Біз осыған дейін әдемі футбол үлігісін көрсете алмағанымызбен, бүгін ол қолымыздан келді. Команда құрамындағы әр ойыншы өзін ең жақсы қырынан танытып, ойында толықтай басымдыққа ие болдық. Бүгін біздің команда ұйымшыл ойын көрсете білді. Бұл біздің ғана емес, жанкүйерлердің де ортақ жеңісі.

- Саардың қай голы шешуші рөл атқарды?

- Пенальти орын алған сәтте соғылған гол шешуші болды. Себебі, одан кейін біздің ойыншылар өз күштеріне сеніп, екі есе жақсы ойын көрсете білді. Команданың тек көшбасшылары ғана емес, толық ұжымның жақсы ойын көрсеткені қуантты. Біз бұл жеңіске лайық болдық. Жанкүйерлер алдағы уақытта да команданы осындай деңгейде қолдайды деп сенемін.

- Сіз соңғы үш кездесуде де жеңіске жеттіңіз. Бақыттысыз ба?

- Мен бақытты емеспін деп айтсам, қателік болар. Бұл футбол, ал менің командамның көрсеткен нәтижесіне көңілім толады. Біздің ұжымда еуропалық тәжирибе болмаған. Алайда, біз осы ойын арқылы оған қол жеткізе алдық. Біз бүгін қорғаныс пен шабуылда да сәтті ойын өрнегін көрсеттік.

- Ойынға құрған жоспарыңыз көңіліңізден шықты ма?

- Менің үшін бұл ойын тарихи кездесу болды дей алмаймын. Себебі біз Еуропа Лигасын жеңіп алған жоқпыз. Дегенмен, бұл кездесу жанкүйерлер жадында ұзақ сақталады деген сенімдемін. Біз бұл ойынды асыға күттік және жеңіске жетіп, әрі қарай жолдама алдық.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер