«Астана» қонақта «Ренннен» жеңіліп, плей-оффқа шыға алмады

news-banner7
mobile-news-top

«Астана» бүгін Еуропа Лигасы топтық кезеңінің соңғы туры аясындағы сырт алаңда франциялық «Ренн» командасымен кездесті, деп жазады prosports.kz.

Француз жерінде өткен матчтың алғашқы таймында гол соғылған жоқ. Алаң иелері 45 минут бойы тынбай шабуылдаса да есеп аша алған жоқ.

Алайда екінші таймда бәрі басқаша болды. Алғашқы 45 минутта сыр бермеген «Астана» қорғанысынан саңылау табылды. Қарсыластар бір емес екі бірдей гол соғып, дегендеріне жетті.

Осылайша елордалық команда еуропа лигасынан шығып қалды.

Еуропа лигасы. Топтық кезең. Соңғы тур

«Ренн» - «Астана» - 2:0 (0:0)

Гол соққан: Сарр 66, 73'

«Ренн»: Диалло, Да Силва, Мешер, Сарр, Гренье, Сибачо, Буриго, Бенсебаини, Бен-Арфа, Андре, Траоре;

«Астана»: Эрич, Рукавина, Аничич, Кляйнхайслер, Педро Энрике, Томасов, Маевский, Зайнутдинов, Ричард Алмейда, Кабананга, Постников.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер