русский язык
Хоккей

Бендиден ӘЧ. Финдерді тізе бүктірдік

Бендиден ӘЧ. Финдерді тізе бүктірдік

Бендиден Қазақстан құрамасы Иркутскіде өтіп жатқан әлем біріншілігінде Финляндиядан басым түсті.

Қос ұжым топтағы 3-ші мен 4-ші орын үшін таласқан. Сондықтан бұл ойындағы жеңіс екі команда үшін де маңызды еді.

Тартысы өрбіген бірінші тайм тең аяқталды - 2:2. Екінші кезеңде шабуылды үдеткен Қазақстан құрамасы қарсыласты қателестірді. Матч аяқталғанша қатарынан 4 гол соққан жерлестеріміз айқын жеңіске жетті - 7:3. 
 
Отандастарымыздың жартылай финалдық қарсыласы Швеция мен Ресей арасындағы ойыннан кейін белгілі болады.
 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;