Бағдат Қайыров: «Ақтөбеде» қалғаным үшін өте қуаныштымын

news-banner7
mobile-news-top

«Ақтөбе» футбол клубының вице-капитаны командамен келісімшарт мерзімін ұзартқан болатын. Футболшы жаңа келісімшарт жайлы әсерімен бөлісті.

-Бағдат, «Ақтөбемен» келісім-шартыңды ұзарттың. Қандай пікір білдіресің?

-Мен өте қуаныштымын. Басшылыққа маған сенім артқандығы үшін алғыс айтамын. Өзіме артылған сенімді ақтау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Алға қойған мақсатқа бәріміз бірігіп жетеміз деген үміттемін.

-Сені «Ақтөбеден» кетеді деген ақпарат жақында ғана тараған еді. Басқа клубтардан ұсыныс болды ма? Ұсыныстар болса, сені командада қалуға не итермеледі?

-Иә, шынынды басқа командалардан ұсыныс болды. Бірақ туған командамнан кету менің тіпті де ойымда болған емес. «Ақтөбеде» қалғаным үшін өте қуаныштымын.

-Былтырғы маусымды еске түсірсек. Сен үшін несімен есте қалды? Қандай да бір пайда алған боларсың?

-Маусым біз үшін қиын болды. Мен үшін маусым біз қандай жағдайда болсақ та, қандай қиыншылықтар кездеспесін – жанкүйерлердің үнемі біздің жанымыздан табылып отырғандығымен есте қалды. Біз бәріміз бір отбасыдай болдық. Сол үшін де жанкүйерлерге рақметімді айтамын.

-Еңбек демалысын қалай өткізіп жатырсың?

-Маусым аяқталған соң отбасыммен бірге болуға тырыстым. Қазір жаттығуларға кірісіп кеттім. Алдағы маусымға дайындықты бастадым.

«Ақтөбе» ФК ойыншыға «ақ-қызылдар» сапында жарқын жеңістерге жете беруді тілейді.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер