Дзюдо

Галбадрах Отгонцэцэг Тәуелсіздік күніне орай өткен салтанатты шараға қатысты

news-banner7
mobile-news-top

Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шара өтті.

Қазақстан елшілігінің ұйымдастырылуымен өткен салтанатты шараға дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі, әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг пен бапкері Дашжамц Энхбаатар қатысты

Сонымен қатар, мерекелік шараға Моңғолия парламентінің мүшелері мен қоғам қайраткерлері, мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Естеріңізге сала кетсек, дзюдодан ұлттық құрама мүшесі Галбадрах Отгонцэцэг қазіргі таңда ағзаны қайта қалпына келтіруге арналған оқу-жаттығу жиындарына қатысуда.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер