Хоккей

ҚХЛ президенті: Легионерге қойылған шектеуді алуға дайынмын

ҚХЛ президенті: Легионерге қойылған шектеуді алуға дайынмын
news-banner7
mobile-news-top

Құрлықтық хоккей лигасының президенті Дмитрий Чернышенко командадағы легионерлер санына қойылған шектеуді алып тастауға дайын екенін мәлімдеді, деп жазады Prosports.kz сайты.

- Ресей Федерациясының спорт министрлігі өзге одақтас елдердің спортшылары туралы бір тоқтамға келсе, біз де оларды легионер ретінде санауды тоқтатамыз. Өйткен ҚХЛ Ресей аумағында тіркелген. Легионерлер санына қойылатын шектеуді алып тастау бізге қажет пе? Қоғам не ойлайды екен. Сол бізге маңызды. Өз басым келсем, ертең-ақ, ҚХЛ-дағы легионерлер санына қойылатын шектеуді алып тастауға дайынмын, - дейді Дмитрий Чернышенко.

Айта кетейік, Құрлықтық хоккей лигасында Қазақстан мен Белорусь секілді одақтас елдердің клубтары бар. Атап айтқанда, Қазақстан атынан «Барыс» клубы өнер көрсетеді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер