Бауыржан Байтана «Таразда» қалады

Бауыржан Байтана «Таразда» қалады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық жартылай қорғаушы Бауыржан Байтана биылғы маусымның қорытындысы бойынша Премьер-лигаға жолдама алған «Тараз» клубында қалады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Тараз» сапында Бірінші лигада 12 ойынға қатысып, 1 гол мен 6 нәтижелі пастың авторы атанған Бауыржан Байтана ешқайда ауыспайтын болды. Оның келісімшарты тағы бір жылға жасалған.

Өткен жылы ота жасатқан футболшы биыл тек маусым айына дейін доп тепті. Жарақатының салдарынан маусымды ерте аяқтауға мәжбүр болды.

Айта кетейік, 26 жастағы футболшы мансабында «Атырау», «Сұңқар», «Тобыл», «Қайрат» және «Ақтөбе» командаларында ойнаған. Қазақстан құрамасы сапында 2014 жылы Тәжікстанға қарсы жалғыз матчта алаңға шықты.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер