Бокс

Қанат Ислам: Маған рейтинг қызық емес

Қанат Ислам: Маған рейтинг қызық емес
news-banner7
mobile-news-top

Бірінші орта салмақта сынға түсетін қазақстандық боксшы Қанат Ислам наурыз айында шаршы алаңға оралуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақстандық боксшы аяғын жарақаттап алуына байланысты ұзақ уақыт рингтен көрінбеген еді. Қазір тиісті емнен кейін Ислам дайындықты бастап кеткен.

- Дәрігерлер маған 7-8 ай уақыт берді. Енді қазір бәрі ойдағыдай, ақырындап дайындыққа кірісіп кеттік. Алла қаласа, наурызда рингке оралуды жоспарлап отырмыз, — деді боксшы ОКҚ-де өткен брифингтен кейін.

Отандасымыздың кезекті қарсыласы кім болатыны әзірге белгісіз.

- Кез келген боксшымен шығуға дайынбыз, — деді Қанат Ислам.

Сондай-ақ, былғары қолғап шебері өзінің WBA, WBO және WBC рейтингтерінен неге шығып қалғанын да түсіндірді.

- Рейтингте бірінші орында тұрсыз ба, онда міндетті түрде жұдырықтасуыңыз керек. Рейтинг ай сайын жаңаланып отырады. Менің артымда тұрған жігіттер ай сайын жекпе-жек өткізіп жатыр. Мен ешқандай кездесу өткізбеген соң, орынды босату керек болды. Ол да қолдан жасалып отырған нәрсе. Ал, егер де мен қайтадан рингке оралсам, барлығы орнына келеді. Бірақ маған рейтингтен алып тастағаны немесе қосқаны, шынын айтқанда, қызық емес, - деп келтіреді боксшының сөзін Sputnik Қазақстан сайты.

Айта кетейік, кәсіпқой рингте 25 жекпе-жек өткізіп, жеңіліс дәмін татпаған «Qazaq» лақап атымен танымал боксшы соңғы кездесуін өткен жылдың қыркүйек айында өткізген болатын. 9 раундта қарсыласы Брэндон Кукты (20-2, 13 КО) нокаутқа түсіріп, бірінші орта салмақта WBO NABO және WBA-NABA тұжырымының аймақтық чемпиондық белбеуін иемденген болатын.

23 маусымда Қанат Ислам Лос-Анджелес қаласында жекпе-жек өткізу қажет болған. Алайда жарақатына байланысты бұл шаршы алаңға шығудан бас тартқан.

Ал қыркүйек айында BoxRec сайтында 34 жастағы боксшы мансабын уақытша тоқтатқаны туралы ақпарат таратқан еді. Ендігі Қанат Ислам жарақатынан жазылып, жаттығуға кіріскенін мәлімдеді. Ал наурыз айында АҚШ-та жекпе-жек өткізуі мүмкін.

Бұған дейін Қанат Ислам жарақатының салдарынан уақытша жекпе-жекке шықпайтынын айтып, жанкүйерлеріне алғысын білдірген болатын.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер