Әлем футболы

«Ренн» жаңа бас бапкерді тағайындады

«Ренн» жаңа бас бапкерді тағайындады
news-banner7
mobile-news-top

Елордалық «Астананың» Еуропа лигасындағы қарсыласы франциялық «Ренн» клубының бас бапкері болып Жюльен Стефан тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Естеріңізде болса, желтоқсан айының басында «Страсбург» командасынан 1:4 есебімен жеңілгеннен соң «Ренн» клубының бас бапкері Сабри Лямуши қызметінен босатылған болатын.

Жюльен Стеф 1 Лиганың екі кездесуінде уақытша бас бапкердің міндетін атқарды. Бүгін «Ренн» басшылығы Жюльен Стефті бас бапкер қызметіне тағайындап, 2020 жылға дейін келісімшартқа отырды.

Бүгін «Астана» Еуропа лигасы топтық кезеңінің соңғы ойынында «Ренн» командасымен кездеседі. Қазір K тобының көшін 11 ұпай жинаған киевтік «Динамо» бастап тұр. Екінші орынға 8 ұпаймен «Астана» жайғасса, үштікті екі ұпай аз жинаған «Ренн» түйіндеп тұр.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер