Әлем футболы

Криштиану Роналду: Чемпиондар лигасының нағыз керемет кезеңі басталады

Криштиану Роналду: Чемпиондар лигасының нағыз керемет кезеңі басталады
news-banner7
mobile-news-top

«Ювентус» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду «Янг Бойзға» қарсы ойыннан соң Чемпиондар лигасы жайлы пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

— Ары қарай Чемпиондар лигасының нағыз керемет кезеңі басталады. Біз оған толықтай дайын болатынымызға сенімдімін. Өйткені бұл команданың және өзімнің жағдайымды жақсы білемін. «Янг Бойзға» қарсы ойында менің гол соғатын бірнеше мүмкіндігім болды. Бірақ бұл футбол, — деді Роналду.

Айта кетейік, «Ювентус» соңғы ойында «Янг Бойздан» ұтылғанына қарамастан өз тобынан бірінші орынмен шықты. Ал Криштиану Роналду бес ойында бір ғана гол соққан.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер