«Ақтөбе» жергілікті ойыншылармен келісімшартын созды

«Ақтөбе» жергілікті ойыншылармен келісімшартын созды
news-banner7
mobile-news-top

«Ақтөбе» ойыншылары Бағдат Қайыров, Антон Шурыгин, Саят Жұмағали, Мұхамбет Тамабай мен Рустам Темірхан клубпен арадағы шарттарын ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты «Ақтөбе» ФК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бағдат Қайыров – Ақтөбе футболының түлегі. «Ақтөбенің» футбол орталығында тәлім алған. Бірнеше жыл бойы дубль командасының капитаны мен көшбасшысы болды. 2016 жылдың басында Қайыров «Ақтөбеге» қайта оралды, қорғаушы одан бір жыл бұрын «Каспий» клубында өнер көрсеткен болатын. Соңғы үш маусымда Бағдат «ақ-қызылдар» сапында өз орнын таба білген ойыншы. Команданың вице-капитаны.

Саят Жұмағали – Ақтөбе футболының түлегі. Саят жас кезінен бастап «Ақтөбе» ФК-ның футбол орталығында тәрбиеленді. Бірнеше жыл дубль командасының көшбасшысы болды. Жұмағали 2015 жылдан бастап басты командаға шақырту ала бастады. Қорғаушы соңғы екі маусым бойы «ақ-қызылдардың» тұрақты ойыншысы.

Антон Шурыгин - Ақтөбе футболының түлегі. Шурыгин бұрын да «Ақтөбеде» ойнаған болатын. «Ақтөбе-жас» оның алғашқы командасы еді. Кейін Шурыгин негізгі командаға ауысты. Ойыншы одан өзге «Қаскелең», «Сұңқар», «Екібастұз» командаларында ойнады. 2016 жылы Антон Оралдың «Ақжайығында» ойнады. Антон 2017 жылы туған қаласына қайта оралып, екі жылдың ішінде 44 матчқа қатысып үлгерді.

Мұхамбет Тамабай – Ақтөбе футболының түлегі. Жастайынан жергілікті команданың футбол орталығында өсіп-жетілді. Түрлі топтардың құрамында жүріп, ел біріншілігі жарыстарында жеңімпаз атанып жүрді. Дубль құрамында жылдам қимылымен, қақпашыға тән әккілігімен көзге түсе білді. Басты команда сапына 2016 жылы қабылданды. Мұхамбет келешекте «Ақтөбенің» негізгі қақпашысы болатын болашағынан үміт күттірер футболшы.

Рустам Темірхан – Ақтөбе футболының түлегі. Рустам 2018 жылдың басындағы ойындарда өзін жақсы қырынан көрсетіп, бапкерлік штабтың сенімінен шыққан болатын. Дубль ойындарында өзінің тәртіпті ойынымен, алаңдағы жанкештілігімен ерекше көзге түсетін. Қорғаушының жақын арада «ақ-қызылдардың» негізгі ойыншыларының біріне айналуына мүмкіндігі зор.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер