Бокс

Қанат Ислам Бауыржан Байбекпен кездесті

news-banner7
mobile-news-top

Белгілі кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Алматы әкімі Бауыржан Байбектің қабылдауында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында олар спорттың, атап айтқанда кәсіби бокс саласының дамуын талқылады. Бауыржан Байбек отандық спортшылардың жанкүйері. Қалалық Спорт және дене шынықтыру басқармасы Алматы әкімдігінің қолдауымен, тапсырмасымен қаладағы салауатты өмір салтын сақтау және насихаттау жолында барлық жағдай жасап отыр.

«Алла қаласа Алматы мен басқа да қалаларда келесі жылы бірнеше кәсіби бокс кешін ұйымдастырамыз. Біздің промоутерлік компания қазақстан кәсіби боксын жоғары дәрежеге көтеретін масштабты жоба ойластырып жатыр. Мен өз атымнан және Qazaq Promoutions атынан Бауыржан Қыдырғалиұлына үлкен алғыс білдіремін», - деді Қанат Ислам.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер