«Астана» «Реннмен» екінші жолдама үшін тартысады

news-banner7
mobile-news-top

Елордалық «Астана» футболдан Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі соңғы ойынын өткізеді. Олар Францияның «Ренн» командасымен кездесіп, K тобындағы екінші жолдамаға тартысады.

«Астана» биылғы Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі ойындарын сәтті бастаған еді. Алдымен 20 қыркүйекте Киевте жергілікті «Динамомен» 2:2 есебінде тарқасты. Одан кейін «Ренн» клубын 2:0 есебімен жеңсе, сыртта 25 қазанда Чехияның «Яблонец» клубымен 1:1 есебімен тең ойнады. «Яблонецпен» 8 қарашада елорда төрінде қарымта ойын өткізіп, бұл кездесуде елордалық клуб 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ал 29 қарашада біздің футболшылар Киевтің «Динамосынан» 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Қазір турнир кестесінде «Астана» 8 ұпаймен екінші орында келеді. Ал «Ренн» командасының қоржынында 6 ұпай бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер