Педро Энрике: Біз Францияға тек жеңіс үшін келдік

news-banner7
mobile-news-top

«Астана» футбол клубының жартылай қорғаушысы Педро Энрике Еуропа Лигасы топтық кезеңінің соңғы туры аясындағы сырт алаңдағы франциялық «Реннге» қарсы ойын алдындағы баспасөз жиынына қатысып, журналистердің сұрақтарына жауап берді:

- Біз үшін ертеңгі ойында жеңіске жету өте маңызды. Қарсылас команданың бапкері жас, әрі болашағы жарқын маман. Ертеңгі ойын, екі команда үшін финал лайық тартыс болмақ.

- Педро, сіздің ресми кездесуде алаңға шықпағаныңызға бір айдан астам уақыт өтті. Қаншалықты қиын болмақ?

- Біздің «Ренн» командасымен салыстырғанда ойын тәжірибеміз өте аз. Дегенмен, команда осы ойынға тыңғылықты дайындалып, бірнеше күн бұрын жолдастық кездесу өткізіп үлгердік. Сондықтан, ойынға барынша дайынбыз.

- Сіз «Ренн» сапында ойнадыңыз. Бұл кездесу сіз үшін қаншалықты маңызды болмақ?

- Әрине, мен үшін бұл кездесудің маңызы өте зор. Екі команда үшін де ойын өте қиын болары сөзсіз.

- Ертеңгі кездесуде қорғанысқа мән бересіздер ме, әлде шабуылға ден қоясыздар ма?

Негізі, бізді тең нәтиже бізді қанағаттандыратындығы анық. Дегенмен, біз бұл жаққа жеңіс үшін келдік. Мен бұл команданың жанкүйерлерін, қандай ойын үлгісін көрсететінін, футболшыларының қарымын өте жақсы білемін. Сондықтан, бізге оңай болмасы анық. Алайда, біз тек жеңіс үшін келдік.

Түпнұсқасы: fca.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер