«Жетісу «Роторды» ұтты
«Жетісу» футбол клубы 28-ші қаңтар күні Түркиядағы ОЖЖ-ны барысында волгоградтық «Ротормен» кездесті.
Талдықорғандықтар бұл кездесуде 4:2 есебімен жеңіске жетті. «Жетісу» сапында гол соққандар: Константин Заречный, Леван Хмаладзе, Абылайхан Тотай және Нұржан Нүсіпжанов.
«Жетісу» «Роторға»қарсы мынадай құраммен аланға шықты:
1-ші тайм: Дүйсенбекұлы, Ковалев, Аракелян, Нүсіпжанов, Джалович, Тотай, Путинчанин, Хмаладзе, Данилюк, Заречный, Татишев
2-ші тайм: Дүйсенбекұлы, Әдільханов, Климавичус, Нүсіпжанов, Кузьмин, Тотай, Барзукаев, Зотов, Шаихов, Сәриев Р., Задорожный