Якоб Юханссон: «Астана» өте тәжірибелі ұжым, алайда біздің жеңіске жеткіміз келеді

news-banner7
mobile-news-top

«Ренн» футбол клубының жартылай қорғаушысы Якоб Юханссон Еуропа Лигасы топтық кезеңінің соңғы туры аясындағы «Астанаға» қарсы кездесу алдында баспасөз жиынына қатысып, журналистердің сұрақтарына жауап берді:

- «Астана» командасы өте тәжибелі ұжым. Алайда, біздің жеңіске жеткіміз келеді. Біздің еурокубоктердегі тәжірибеміз аз болғандығына қарамастан, Еуропа Лигасындағы ойындарында өнер көрсету арқылы оған қол жеткізіп келе жатырмыз. Ертеңгі ойында бас бапкердің жүктеген барлық тапсырмасын алаңда орындап, жеңіске жетуге тырысатын боламыз.

- Сіздің еурокубоктердегі тәжірибеңіз жеткілікті. Осы орайда командалас әріптестеріңізге маңызды ойын алдында қандай да бір ақыл-кеңесіңізбен бөлістіңіз бе?

- Біздің команда «Астанамен» салыстырғанда, енді ғана жасақталған жас команда. Мен француз тілін өте жақсы меңгермегендіктен, футболшылармен тілдесіп, олармен өз тәжирибеммен бөлісу өте қиын. Дегенмен, біз ертеңгі кездесуде соңына дейін күресуге дайынбыз.

- Астанадағы ойында «Ренн» ойыншылары өте көп қателікке бой алдырып, 2:0 есебімен жеңіліп қалды. Ертеңгі ойында бір қателіктің құны қаншалықты қиын боларын білесіз бе?

- Біз Қазақстанда өткізген ойында өте көп қателік жібердік. Алайда, біз одан кейін екі кездесуде жеңіске жеттік. Біздің келесі кезеңге өтетін мүмкіндігіміз бар. Сол мүмкіндікті лайықты пайдалануға тырысатын боламыз.

Түпнұсқасы: fca.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер