ММА

Алматыда аралас жекпе-жектен әлемдік турнир өтеді

Алматыда аралас жекпе-жектен әлемдік турнир өтеді
news-banner7
mobile-news-top

21 желтоқсанда Алматы қаласында Titan FC мен Alem Fighters клубының ұйымдастыруымен дүниежүзілік чемпионат өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz ақпараттық-спорттық ХАБ-қа сілтеме жасап.

Турнир аясында бірнеше жекпе-жек өткізіледі, оның 2-і TITAN FC тұжырымы бойынша Әлем чемпиондарының белбеуі сарапқа салынады.

Жарыста Қазақстаннның жекпе-жек шеберлері АҚШ, Бразилия, Куба, Канада және тағы басқа алпауыт мемлекеттерден келген әйгілі спортшылармен күш сынасады.

Аталған іс-шараны АҚШ-тың «UFC FIGHT PASS» каналы әлемнің 150 еліне тікелей эфирден таратады.

Еліміздің намысын 15 жауынгер қорғайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер