ММА

МакГрегор үлкен спорттан кетуі мүмкін

news-banner7
mobile-news-top

UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор октагонға оралмауы мүмкін. Бұл туралы оның бапкері Джон Кавана Independent.ie басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды AllBoxing.Ru.

- Хабибтен жеңілу қаншалықты ауыр тиді?

- Өте ауыр. Жеңетінімізге күмән болмады, өйткені мұндай файтерлермен бұрын да жұмысын істеген. Бірақ Хабиб мықтырақ болып шықты. Ол жеңді, спорт осындай. Бір күн өте және бір шоколад жегеннен кейін бәрін қабылдап, көндіктім. Спортпен өмір сүремін. Ал спортта әрдайым жеңіс пен жеңіліс бар.

- Қарымта қарастырып отырсыздар ма?

- Шынын айтайын ба? Білмеймін. Оның мінезін білемін. Біреуі бокста болса да, екі бірдей жеңіліс, бұл оның мазасын алады. Бірақ оның екі баласы бар және жасы 30-ға келді. Виски шығаратын үлкен компнаия бар, бұл жекпе-жектерден көп табыс береді. Бетінен соққы алу үшін таң атпай тұрып жүре ме? Сенімді емеспін. Алайда ертең қоңырау шалып, наурызда жұдырықтасамыз деуі мүмкін. Мұндайға бару үшін мені көндіру керек болады. Мен оны сүйем және бастан кешкеніміз ұнайды. Маған үлкен дәлел қажет. Мүмкін Диаспен жекпе-жек. Мүмкін Хабибпен қарымта. Бірақ жай ғана бір жігітпен жұдырықтасам десе, мен тек сәттілік тілеймін. Маған мақсаттар маңызды. Отбасы бар, сондықтан қажетсіз соққы алғанын қаламаймын. Хабиб оған карьерасында болмаған соққы жасады. Спортшыларда да құлдырайтын кезең болады.

Түпнұсқасы: kaz.vesti.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер