«Екінші лиганың үздік бапкері» анықталды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы «2018 жылғы Екінші лиганың ең үздік бапкері» сауалнамасын жүрігізіп, оның қорытындысын шығарды, деп хабарлайды prosports.kz.

Футбол клубтарының бас бапкерлері мен команда капитандарының дауыс беру нәтижелері бойынша Екінші лиганың үздік бапкері анықталды.

Әр респондент үш үміткерді атайды. Бірінші орын - үш ұпай, екінші орын - екі ұпай, үшінші орын - бір ұпай. Барлық ұпайды санау арқылы сауалнама қорытындыланады.

Сауалнама қорытындысы бойынша 2018 жылғы екінші лиганың ең үздік бапкері атағын «Астана»-U21 бас бапкері Василий Маруняк жеңіп алды. Екінші лиганың чемпионы 92 ұпай жинады.

Үздік үштік келесідей:
1)Василий Маруняк(«Астана»-U21) — 92 ұпай;
2)Файзулла Ордабаев(«Академия Оңтүстік») — 33 ұпай;
3)Сергей Мищенко(«Шахтер»-U21) — 23 ұпай
Бас бапкерлер арасында дауыс беру:
Команда капитандарының арасында дауыс беру:
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер