Футбол деген бір ғажап!
Әлем футболы

Ертең клубтар арасындағы әлем чемпионаты басталады

Ертең клубтар арасындағы әлем чемпионаты басталады
news-banner7
mobile-news-top

Ертең Біріккен Араб Әмірліктерінде Клубтар арасындағы әлем чемпионаты басталады.

Турнирге жылдағыдай әр құрлықтың чемпиондары және жарысты қабылдаушы елдің клубы қатысады.

Сонымен биыл қай командалар бақ сынайды?

«Реал Мадрид» (Испания, UEFA Чемпиондар лигасының жеңімпазы),

«Ривер Плейт» (Аргентина, Либертадорос кубогының жеңімпазы),

«Эсперанс» (Тунис, CAF Чемпиондар лигасының жеңімпазы),

«Гвадалахара» (Мексика, CONCACAF Чемпиондар лигасының жеңімпазы),

«Касима Антлерс» (Жапония, AFC Чемпиондар лигасының жеңімпазы),

«Тим Веллингтон» (Жаңа Зеландия, OFC Чемпиондар лигасының жеңімпазы),

«Аль-Айн» (БАӘ, турнир қожайыны).

Турнир қайда өтеді?

Турнир Біріккен Араб Әмірліктерінде өтеді. Барлық жеті матчты екі стадион: Абу-Даби (43 000 орын) мен Аль-Айн (22 717) қабылдайды.

Атап айтқанда, Аль-Аин алаңында турнирдің бірінші айналымы, ширек финалдық ойындар, 5-ші орын үшін матч және жартылай финалдың бір кездесуі өтеді. Ал Абу-Даби стадионы жартылай финалдық бір матч пен 3-ші орын үшін ойынды және финалдық кездесуді қабылдайды.

Қашан өтеді?

БАӘ-де өтетін әлем біріншілігі 12 мен 22 желтоқсан аралығына жоспарланған.

12 желтоқсан — бірінші айналым. Алаң қожайыны «Аль-Айн» мен «Тим Веллингтон» (Жаңа Зеландия) кездеседі.

15 желтоқсан — бірінші матчтың жеңімпазы 1/4 финал аясында «Эсперанспен» (Тунис) жолығады. Дәл осы күні «Гвадалахара» (Мексика) мен «Касима Антлерс» (Жапония) тағы бір жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.

18 желтоқсан — 1/4 финалда жеңілген екі команда 5-ші орын үшін тартысады. Осыдан кейін «Ривер Плейт» (Аргентина) командасы «Эсперанс» — «Аль-Айн»/«Тим Веллингтон» матчының жеңімпазымен кездеседі.

19 желтоқсан — «Реал Мадрид» жарыс жолына шығады. Олар «Гвадалахара»/«Касима Антлерс» жұбының жеңімпазымен соңғы финалдық жолдамаға таласады.

22 желтоқсан — үшінші орын үшін матч және ақтық кездесу өтеді.

Түпнұсқасы: prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер