Қайрат Боранбаев UEFA Атқару комитетінің мүшесі қызметіне үміткер

Қайрат Боранбаев UEFA Атқару комитетінің мүшесі қызметіне үміткер
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футбол клубының бақылаушы кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев UEFA атқару комитетінің мүшесі лауазымына үміткерлер тізіміне енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

UEFA-ның ресми сайтында жазылуынша, атқарушы комитетіндегі жеті орынға он адам үміткер болып отыр: Андрей Павелко (Украина), Қайрат Боранбаев, Элведин Бегич (Босния және Герцеговина), Шандор Чаньи (Венгрия), Арманд Дука (Албания), Фернанду Гомеш (Португалия), Борислав Михайлов (Болгария), Йеспер Меллер Кристенсен (Дания), Луис Рубиалес (Испания) және Давор Шукер (Хорватия). Бұлардан бөлек Чаньи, Гомеш, Михайлов және Шукер лауазымды қызметке қайта сайланады.

Сонымен қатар, француз қызы Флоранс Ардуэн де атқару комитетінде қызмет атқарады. UEFA ережелеріне сәйкес, атқару комитетінде бір орын әйелдерге арналған.

Сайлау 7 ақпан күні Римдегі UEFA конгресінде өтеді. Атқару комитетінің мүшелігіне сайланғандардың өкілеттік мерзімі төрт жыл болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер