Басқа

Аян Бейсенбаев триатлоннан жылдың үздік спортшысы атанды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан триатлон федерациясы биылғы маусымда атқарылған жұмыстарды қорытындылап, жылдың үздік спортшыларын анықтады.

Астанада өткен жыл сайынғы конгресс екі күнге созылып, жиынның алғашқы бөлігінде федерация комитеттерінің отырыс өтті. Басқосу барысында триатлон федерациясын дамыту жоспарлары бекітіліп, келесі жылдың басты спорттық оқиғаларына мән берілді.

Ал конгрестің екінші күнінде ҚТФ президенті Кәрім Мәсімовтің жетекшілігімен, ҚТФ вице-президенттері Айдын Рахымбаев пен Ғалымжан Есеновтің, мәдениет және спорт министрлігі және Ұлттық Олимпиадалық комитет өкілдерінің қатысуымен салтанатты отырыс өтті.

Жиында ҚТФ бас хатшысы Максим Крят биылғы жылды қорытындылап, келесі жылдың жоспарларын жария етті. Конгресс соңында Кәрім Мәсімов биылғы маусымда жақсы қырынан көзге түскен спортшылар мен бапкерлерді марапаттады.

«Жыл жаңалығы – үздік жас спортшы» аталымында Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасының қатысушысы Даниил Зубцов (Шымкент) жеңімпаз атанды.

«Жыл спортшысы» атағын Азия ойындарының күміс жүлдегері Аян Бейсенбаев (Ақмола облысы) иеленді.

«Жылдың үздік бапкері» атағы ҚТФ бас бапкері Андрей Глушкоға берілді. Сондай-ақ, "Қарқынды дамып келе жатқан аймақтық федерация" аталымында Астана қаласының, "Жыл федерациясы" аталымында Алматы қаласының триатлон федерациясы жеңіске жетті.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер