«Қайрат» орталық қорғаушысымен қоштасты

«Қайрат» орталық қорғаушысымен қоштасты
news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайрат» футбол клубының орталық қорғаушы Шелдон Бато командадан кетті, деп хабарлайды prosports.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің жазуынша, қос тараптың келісімі бойынша ойыншы командада қалмайтын болып шешкен. Клуб басшылары Шелдонға ризашылығын білдіріп, рақметін айтып шығарып салған.

Айта кетейік, қорғаушы «Қайратқа» 2017 жылы ауысып келді. Содан бері алматылық клубпен бірге Қазақстан чемпионатының екі рет күміс жүлдегері атанды және екі мәрте Қазақстан кубогын жеңіп алды. Барлығы 48 матчта алаңға шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер