Әлем футболы

«Барселона» Кейн үшін 200 миллион төлеуге әзір

«Барселона» Кейн үшін 200 миллион төлеуге әзір
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» клубының басшылығы Англия құрамасы мен лондондық «Тоттенхэм» командасының шабуылшысы Харри Кейнді сатып алмақ, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Кейн «Барселонада» уругвайлық шабуылшы Луис Суарестің орнын баспақ. Каталондық клуб ағылшын футболшысы үшін 200 миллион фунт стерлинг төлеуге әзір екенін мәлімдеп отыр.

Биылғы маусымда Харри Кейн Англия Премьер-лигасында 16 ойынға қатысып, 9 гол соққан. Сондай-ақ, Чемпиондар лигасында 5 ойында 4 мәрте көзге түскен. Ал Англия құрамасы сапында әлем чемпионатында төртінші орынға қол жеткізді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер