«Астананың» көшбасшы футболшысы «Зенитке» ауысуы мүмкін

«Астананың» көшбасшы футболшысы «Зенитке» ауысуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Елордалық «Астананың» ойыншысы Ласло Кляйнхайслер мансабын Ресей біріншілігінде жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Санкт-Петербургтік «Зенит» клубының басшылығы 24 жастағы футболшыға қызығушылық танытып отыр. Ресейлік команданың орта шебіндегі эквадорлық Кристиан Нобоа жарақатына байланысты маусымды ерте аяқтауға мәжбүр болды. Аргентиналық Леандро Паредес қысқы трансферлік кезеңде Италия чемпионатына ауысуы мүмкін. Танымал италиялық футболы Клаудио Маркизов Ресейдегі алғашқы маусымын өткізіп жатса, өзге екі футболшы - Матиас Краневиттер мен Эрнани артқан үмітті ақтамай отыр.

Осы себепті, «Зенит» клубының басшылығы орта шептегі бәсекелестікті күшейте түсу үшін жаңа ойыншыны іздестіру үстінде. Ал «Зенитте» «Астананың» көшбасшы футболшыларының бірі Ласло Кляйнхайслер ресейлік клубты күшейте түсуге қауқарлы деп есептейді.

Айта кетейік, венгриялық футболшы мансабында «Видеотон», «Дармштадт 98», «Ференцварош» және немістің «Вердер» командаларында өнер көрсеткен. 2015 жылдан бері Венгрия ұлттық құрамасының намысын қорғайды. 2017 жылы «Астанаға» ауысып, бірден жанкүйерлердің көзайымына айналып үлгерді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер