Владислав Саенко: Эрич, Мокин және Павлов сияқты ағаларыма ұқсағым келеді

Владислав Саенко: Эрич, Мокин және Павлов сияқты ағаларыма ұқсағым келеді
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» жастар құрамының қақпашысы Владислав Саенко Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасының сайтына 2018 жылғы Екінші Лиганың үздік қақпашысы номинациясын ұтқаннан кейінгі өз әсерімен бөлісті.

- Владислав, жеңіс құтты болсын! Қандай әсердесіз?

- Бұл тек менің ғана емес, барлық командалас әріптестерімнің жеңісі екендігін ескеретін болсақ, өте жақсы әсердемін. Мен өз алдыма дәл осындай марапатқа ие боламын деген мақсат қойған емеспін. Біз үшін ең басты мақсат – Екінші Лиганы жеңіп алу болатын.

- Маусымға қандай баға бересіз?

- Менің ойымша, команда осы маусымды өте жақсы өткерді. Біз екінші Лигада алғаш рет топ жардық. УЕФА Жасөспірімдер Лигасы аясындағы загребтік «Динамоға» қарсы кездесуде аздап жолымыз болмағандығын еске алмайтын болсақ, біз маусымды жоғары деңгейде өткіздік. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, маусым соңында ауыр жарақат алып қалған командалас әріптесім, досым Сағи Советке тезірек жазылып, қатарға оралғанын тілегім келеді. Біз оның тезірек алаңға оралғанын қалаймыз. Оған қоса, жақында ғана ұлы дүниеге келген ағамды құттықтаймын!

- Қақпашы ретінде кімге еліктейсіз?

- Менің нақты бір кумирім бар деп айта алмаймын. Дегенмен, «Астана» сапындағы Ненад Эрич, Александр Мокин және Станислав Павлов сияқты ағаларыма ұқсағым келеді.

- Футболдағы басты арманыңыз қандай?

- Менің футболдағы арманым – Еуропаның үздік клубында ойнау!

Түпнұсқасы: pflk.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер