Ибрагимович «Миланға» оралудан бас тартты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызШвециялық шабуылшы Златан Ибрагимович италиялық «Миланға» ауысудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Клуб басшылығы Златан Ибрагимовичке ұсыныс жасаған. Алайда швециялық футболшы қазіргі командасы «Лос-Анджелес Гэлаксиге» берген уәдесін орындап, келісімшарт мерзімін ұзартты.
- Ол «Гэлакси» басшылығына сөз беріп, келісімшартын ұзартты. Біз оны командаға қайтарғымыз келген, оның да ойы болған. Алайда ол берген сөзінде тұрып, MLS-те қалды. О баста-ақ, Златан «Гэлакси» жақсы ұсыныс жасаса, қалатынын айтқан болатын» - дейді «Миланның» спорттық директоры Леонарду.
Айта кетейік, «Милан» А Сериясында 15 турдан соң төртінші орында келеді. Златан Ибрагимович 2010-2012 жылдар аралығында «Милан» сапында өнер көрсеткен. Ал 2018 жылдан бері Америка біріншілігінде «Лос-Анджелес Гэлакси» командасында доп тебеді.