Әлем футболы

Ибрагимович «Миланға» оралудан бас тартты

Ибрагимович «Миланға» оралудан бас тартты
news-banner7
mobile-news-top

Швециялық шабуылшы Златан Ибрагимович италиялық «Миланға» ауысудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Клуб басшылығы Златан Ибрагимовичке ұсыныс жасаған. Алайда швециялық футболшы қазіргі командасы «Лос-Анджелес Гэлаксиге» берген уәдесін орындап, келісімшарт мерзімін ұзартты.

- Ол «Гэлакси» басшылығына сөз беріп, келісімшартын ұзартты. Біз оны командаға қайтарғымыз келген, оның да ойы болған. Алайда ол берген сөзінде тұрып, MLS-те қалды. О баста-ақ, Златан «Гэлакси» жақсы ұсыныс жасаса, қалатынын айтқан болатын» - дейді «Миланның» спорттық директоры Леонарду.

Айта кетейік, «Милан» А Сериясында 15 турдан соң төртінші орында келеді. Златан Ибрагимович 2010-2012 жылдар аралығында «Милан» сапында өнер көрсеткен. Ал 2018 жылдан бері Америка біріншілігінде «Лос-Анджелес Гэлакси» командасында доп тебеді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер