Футзал

«Қайраттың» ойыншылары «Әлемнің үздік ойыншысы» атағына үміткер

«Қайраттың» ойыншылары «Әлемнің үздік ойыншысы» атағына үміткер
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футзал клубының ойыншылары Дуглас Жуниор мен Хоссейн Тайеби «Umbro futsal awards» нұсқасы бойынша «Әлемнің үздік ойыншысы» атағына үміткер, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Биыл Дуглас пен Тайеби «Қайраттың» сапында Қазақстан біріншілігінде топ жарып, Еременко Кубогының жеңіп алды. Сондай-ақ, ойыншылар өз құрамаларының жейдесінде сәтті өнер көрсетті.

Дуглас Қазақстан құрамасымен бірге Еуропа чемпионатының жартылай финалына дейін жетіп, жарыстың үздік ойыншылары тізіміне енді. Ал Тайеби Иран құрамасы сапында Азия құрлығында қарсылас шақ келтірмеді. Оның үстіне «Қайраттың» шабуылшысы Азия чемпионатының үздік сұрмергені атанды.

Айта кетейік, соңғы төрт жылда «Әлемнің үздік ойыншысы» атағын португалиялық футзалгы Рикардиньо жеңіп алған. Сонымен қатар, «Қайраттың» бас бапкері Пауло Рикардо Кака жылдың «Үздік бас бапкері», ал қақпашы Игита жылдың «Үздік қақпашысы» атағына үміткер.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер