Владислав Саенко – Екінші лиганың ең үздік қақпашысы

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы «2018 жылғы Екінші лиганың ең үздік қақпашысы» сауалнамасын жүрігізіп, оның қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Футбол клубтарының жетекшілері, бас бапкерлері, сонымен қатар команда капитандарының дауыс беру нәтижелері бойынша Екінші лиганың үздік ойыншылары анықталады.

Әр респондент үш үміткерді атайды. Бірінші орын - үш ұпай, екінші орын - екі ұпай, үшінші орын - бір ұпай. Барлық ұпайды санау арқылы сауалнама қорытындыланады.

Сауалнама қорытындысы бойынша 2018 жылғы Екінші лиганың ең үздік қақпашысы атағын «Астана М» қақпашысы Владислав Саенко жеңіп алды.

Үздік үштік келесідей:

1. Владислав Саенко, «Астана М» - 55 ұпай;

2. Бекжан Тоқтарбай, «Академия Оңтүстік» - 33 ұпай;

3. Данил Устименко, «Қайрат М» - 29 ұпай.

Екінші лиганың бас бапкерлері:

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер