Қысқы

Денис Теннің сценарийі бойынша түсірілетін фильм келер жылы жарық көреді

Денис Теннің сценарийі бойынша түсірілетін фильм келер жылы жарық көреді
news-banner7
mobile-news-top

Ресей кинорежиссеры Тимур Бекмамбетов Денис Теннің сценарийі бойынша түсірілетін фильм келер жылы көрсетілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz Bugin.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қайғылы оқиғаға ұшырарынан алты күн бұрын Тимур Бекмамбетовтің Bazelevs Production кинокомпаниясы ұйымдастырған сценарийлер байқауына қатысқан еді. Денис Тен жартылай финалға өтіп, режиссерға өзінің сценарийін таныстырып үлгерген.

Спортшының қазасынан соң Тимур Бекмамбетов Денистің сценарийі бойынша фильм түсіретінін мәлімдеді.

«Мен Қазақстанға барып, Денистің анасымен кездесуді жоспарлап отырмын. Бізді жеткілікті қаражат бөлген демеушілер қолдап отыр. Бұл фильм қалайда түсіріліп, уәде бергеніміздей келер жылы экранға шығады. Денистің арманы орындалады», – деді Тимур Бекмамбетов.

Картинаға Денис Тен атындағы қор продюсерлік етеді. Спортшы Screenlife форматында (іс-әрекет тек компьютер экранында болады) фильм түсірмек болған еді. Оның хикаясы саңырау қыз бен тілі жоқ жасөспірімнің қарым-қатынасы туралы.

Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде Алматыда автоұрылардың қолынан қаза тапты. Күдіктілер оның көлігінің айнасын ұрламақ болған. Олардың бірі салған пышақ жарақатынан спортшы бірнеше сағаттан соң операция үстелінде қайтыс болды. Денис Тенді өлтірді деген күдікпен үш адам ұсталып, тергеліп жатыр. Олар – Нұралы Қиясов, Арман Құдайбергенов және Жанар Толыбаева. Соңғысы қылмысты полицияға хабарламағаны үшін жауапқа тартылып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер