Басқа

Батырбек Есдәулетов: Таеквондошылар алға қойған міндетті орындады

Батырбек Есдәулетов: Таеквондошылар алға қойған міндетті орындады
news-banner7
mobile-news-top

Таеквондодан Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Батырбек Есдәулетов биылғы маусымды қорытындылады. Бапкердің айтуынша, спортшылардың көрсеткіші әлдеқайда жақсарған.

- Бапкерлер кеңесі таеквондошылардың биылғы көрсеткішін жоғары бағалап отыр. Өйткені, спортшыларымыз Азия чемпионатынан алтын медаль алса, Азия ойындарынан бір күміс пен қола жүлделерге иелік еттік.

Одан бөлек, ерлер арасындағы командалық және аралас командалық сында әлем чемпионатында үздік үштікке кіріп отырмыз. Мұның барлығы да жаман көрсеткіш емес. Әрине, әлем чемпионаттарынан жүлде алсақ деген арманымыз бар. Алдағы маусымда үлкен жарыстар, үлкен жауапкершілік күтіп тұр.

Өйткені, келесі жылдан бастап лицензиялық турнирлер басталады. Біздің спортта рейтингте алғашқы бестікке енген спортшылар Олимпиадаға тікелей жолдама алады. Ал алтыншы орындағы спортшылар құрлықтық сында лицензияға таласады.

Біздің міндетіміз – Олимпиадаға мейілінше көбірек жолдама алу, - дейді Батырбек Есдәулетов.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер