«Ренн» - «Астана»: матчта Қазақстанға таныс төреші қызмет етеді

«Ренн» - «Астана»: матчта Қазақстанға таныс төреші қызмет етеді
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі франциялық «Ренн» мен елордалық «Астана» матчында голландиялық қазы Сердар Гезюбююк төрелік етеді.

Ол осыдан кейін жыл бұрын Қазақстан мен Польша құрамаларының матчында қызмет етіп, командалар 2:2 есебімен тең түскен болатын.

Гезюбююкке алаң жиегінен Шарлес Шаап пен Ян де Врис көмектеседі. Төрешінің қосымша көмекшілері – Кевин Блум мен Симен Мулдер. Қосалқы төреші: Дави Гоосенс.

Осы маусымда Гезюбююк Еуропа лигасында «Айнтрахт» (Германия) — «Лацио» (Италия) матчында қазылық еткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер