«Қайрат» алғашқы жиынын қашан өткізетіні анықталды

«Қайрат» алғашқы жиынын қашан өткізетіні анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайрат» маусым аралық үзілісте өзінің алғашқы жиынын қашан өткізетіні белгілі болды.

Қазақстанның вице-чемпиондары 2019 жылдың 5 қаңтарында Алматыда жиналып, оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Клубтың базасында болатын жиын 12 күнге созылмақ.

Былтыр да команда алғашқы жиынын өз базасында өткізген болатын.

Айта кетейік, өткен маусымда «Қайрат» чемпионатытң күміс медалін еншілеп, Қазақстан кубогын ұтып алған болатын. Маусымнан соң команданың тізгінін беларусьтік маман Алексей Шпилевский ұстады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер