Бокс

Жанқош Тұраров жаттығуға қайта кірісті

Жанқош Тұраров жаттығуға қайта кірісті
news-banner7
mobile-news-top

Кәсіпқой бокста әлі жеңілмеген Жанқош Тұраров (22-0, 15 КО) жақын арада жаттығуды қайта бастайтынын айтты.

«Мен Нельсон Лопес басқаратын Nelsons Promoutions промоутерлік компаниясымен әлі де жұмыс істеп жатырмын. Жақын арада АҚШ-та жаттығуға кірісемін деп жоспарлап отырмын», - деді боксшы.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров өзінің соңғы жекпе-жегін былтыр қыркүйекте өткізген болатын. Ол қолының сынғанына қарамастан, аргентиналық Бруно Леонардо Ромейді төрешілер шешімімен жеңген еді.

Биыл Жанқоштың есімі БАҚ беттерінде спорттағы жаңалығымен емес, қылмыстық жанжалымен шыққан болатын. Ол мамырда Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде төбелеске қатысып, сол сәт видеоға түсіп қалған болатын. Төбелес кезінде тапаншамен оқ атылған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер