ММА

Жанкүйерлер тарихтағы ең жылдам нокаутқа куә болды. Видео

Жанкүйерлер тарихтағы ең жылдам нокаутқа куә болды. Видео
news-banner7
mobile-news-top

Америкалық аралас жекпе-жек шебері Шейн Маккей қарсыласы Джошуа Тэйлорды төрт секунд ішінде нокаутқа жіберді. Бұл туралы Shamrock FC турнирінің твиттер-аккаунтында жазылды. Бұл туралы sputniknews.kz жазды.

Жарияланған видеода Маккей қолғап түйістіріп сәлемдескеннен кейін бірден қарсыласына тұра ұмтылып, ұрып құлатқаны көрінеді. Бұл Shamrock FC 313 тарихындағы ең жылдам нокаут болды.

Осы турнир барысында көрермендер тағы бір жылдам жекпе-жекке куә болды: Джейкоб Тралл тоғыз секундта Диллон Толбертті техникалық нокаутқа түсіріп, жеңісті жұлып алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер