Эсеола: Қазақстан мен Украина чемпионаттары бір деңгейде

Эсеола: Қазақстан мен Украина чемпионаттары бір деңгейде
news-banner7
mobile-news-top

«Қайраттың» шабуылшысы Адеринсола Эсеола ua.tribuna.com сайтына берген сұқбатында Қазақстан мен Украина чемпионаттарын салыстырды.

- Яғни, дәл қазір сен ең үздік украиналық форвардтардың бірісің бе?

- Биыл, иә.

- Ендеше неге ең үздік украиналық шабуылшылардың бірін құрамаға шақырмай жүр?

- Қазақстан чемпионаты көрсеткіш болып саналмайтын шығар. Бірақ мен олай ойламаймын.

- Бұл чемпионатты украиналықпен салыстыра аласың ба?

- Дәл қазір олар бір деңгейде деп ойлаймын.

- Қазір Украина құрамасын күшейте алар ма едің?

- Оны айта алмаймын. Бірақ ешкімнен кем болмас едім.

- Нигерия құрамасында ойнауға мүмкіндігінің болды ма?

- Иә. Әкем ұсынған, бірақ мен оны қаламадым.

- Неге?

- Себебі мен Украинада тудым. Өзім ешқашан болмаған ел үшін қалай ойнаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер