Басқа

Казанцев Азия кубогында топ жарды

news-banner7
mobile-news-top

Кирилл Казанцев маунтинбайктан Азия кубогының иегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz.

Ол Малайзияда өткен Азия кубогының соңғы кезеңінде үшінші орын иеленіп, жалпы есептегі бірінші орынды сақтап қалды.

Бұған дейін Брунейде өткен кезеңде топ жарған жерлесіміз үнемі үздіктер қатарынан көрініп келеді.

«Маусым аяқталар тұста керемет күннің куәсі болдым. Соңғы кезеңде үздік үштікке еніп, жалпы есепте Азия кубогінің иегері атандым. Бұл маусым мен үшін оңайға соққан жоқ. Жарыс пен оқу-жаттығу жиынының көптігінен отбасыммен кездесудің де реті түспеді. Дегенмен, спорттық ғұмырымдағы ең сәтті кезеңді өткеріп отырмын. Бұл менің екінші мақсатым болатын. Яғни, Азия ойындарында жүлде алып, Азия кубогін иеленсем деген мақсатым орындалды. Олимпиада ойындарына жолдама алу мен үшін нөмірі бірінші мақсат болып қала бермек», - дейді Казанцев.

Еске сала кетейік, Кирилл Казанцев Джакартада өткен Азия ойындарының қола жүлдегері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер