ММА

Дамир Исмағұлов Қазақстанда мектеп ашқысы келеді

Дамир Исмағұлов Қазақстанда мектеп ашқысы келеді
news-banner7
mobile-news-top

Дамир Исмағұлов Батыс Қазақстан облысында қонақта болып, жергілікті жастармен кездесті, деп хабарлайды Мой город порталы.

Айтуынша, ол бала кезінде спортпен айналыспаған. «Жекпе-жекке 20 жасымда келдім. Мен тек футболмен айналысатын ортада өстім. Спорт залымыз өте кішкентай еді. Жыл бойы доп қуалайтынбыз. Институтқа түскен соң күреспен айналыстым. Қоян-қолтық ұрыстан бастадым. Ең алғашқы жекпе-жегімді өмір бойы ұмытпаспын. Жолым болып, ойламаған жерден жеңіп кеттім. Өзім де түсінбей, аң-таң болдым. Басында жаттықтырушы сен әлі дайын емессің деп мені алмай қойған, сосын жаттығуда жеңіске жетіп, ол мені жарысқа қосты. Финалда өз клубымдағы спортшыны жеңдім. Жеңіс жолы солай басталды. Ал, қазір мен әлемдегі ең мықты лигадамын», - деді Дамир Исмағұлов.

«Басым бос. Мұндай режиммен жеке өмірге көңіл бөлуге уақыт жоқ. Екеуінің бірін таңдау керек болады. Әйтеуір үйленермін. Таңдаған жұбайым түсіністікпен қарап, маған әрқашан қолдау көрсетсе деймін. Бәрі өз уақытымен», - деп жауап берді спортшы жеке өмірі туралы сауалға.

Дамирдің әзірше спорттан кететін ойы жоқ. «Алдағы бес жылымды жекпе-жекке арнаймын. Осы аралықта қалайда бір жетістікке жетуге тиіспін. Жалпы, Қазақстанға көшіп келіп, осында күрес мектебін ашу, бала тәрбиелеу ойда бар. Мен Қазақстанды жақсы көрем. Бірақ мұнда жаттығу өте қиын. Мен Алматыда және Астанада болдым», - деді Дамир.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер