Командалық

Қазақстан құрамасы төртінші орын алды

Қазақстан құрамасы төртінші орын алды
news-banner7
mobile-news-top

Жапонияның Кумамото қаласында гандболдан қыздар арасында Азия чемпионаты мәресіне жетті. Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы төртінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Біз бұдан бұрын Қазақстан құрамасы жартылай финалға шыққанын хабарлаған едік. Одан кейін жартылай финалда Оңтүстік Корея қыздарынан жеңіліп қалды. Біздің қыздар бүгін үшінші орын үшін сайыста Қытай құрамасымен кездесті. Ойынның бірінші кезеңінде біздің қыздар 11:13 есебімен жеңілді. Ал екінші кезеңде қарсыластарымыз 14 гол соқса, оған құрамамыз 10 голмен ғана жауап қайырды. Нәтижесінде гандболшы қыздар аталмыш қарсыласына 21:27 есебімен есе жіберді. Осылайша Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында төртінші орын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер