Бокс

Қанат Ислам Бауыржан Байбектің эстафетасын қабыл алды. Видео

Қанат Ислам Бауыржан Байбектің эстафетасын қабыл алды. Видео
news-banner7
mobile-news-top

Осы аптада ақын Серік Сейітман әлеуметтік желіде жаңа «Челлендж» бастады – ол «Алпамыс батыр» жырының алғашқы жолдарын оқып берген, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл челленджді Алматы әкімі Бауыржан Байтек те қолдады. Ол осы батырлар жырының үзіндісін оқып, әлеуметтік желіге жүктеген. Кейін ол эстафетаны боксшы Қанат Исламға, әнші Димаш Құдайбергенге және режиссер Ақан Сатаевқа жіберген.

Қанат Ислам оңтүстік астана әкімінің эстафетасын қабыл алды. Оның жауабын қазақстандық кәсіпкер Дулат Тастекеев Инстаграмда жариялады. Қанат ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті алдында тұрып, «Алпамыс батыр» жырының үзіндісін айтып берді.

Айта кетейік, кәсіпқой боксшы Қанат Ислам рингте соңғы рет 2017 жылдың қыркүйегінде шыққан болатын. Боксшының алдағы жоспарлары туралы ештеңе белгісіз. Биыл спортшы бірнеше рейтингіден шығып қалған болатын.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер