Бокс

Маңғыстау облысы бокстан Конфедерация кубогінің иегері атанды

Маңғыстау облысы бокстан Конфедерация кубогінің иегері атанды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы кубогінің финалдық бәсекелері өтуде.

Бокстан финалдық бәсекеде Түркістан облысы мен Маңғыстау облысы кездескен болатын. Өте тартысты өткен кездесуде 5:4 есебімен Маңғыстау облысы жеңіске жетті.

Кездесудің негізгі уақыты 4:4 есебімен тең аяқталды. Түркістан облысы сапынан С. Бибосынов, Қ. Ерәлиев, Н. Райыс, Б. Нұрмағамбеттер жеңіске жетті.

Маңғыстаулық боксшылар қатарынан С. Толтаев, М. Өскенбек, Б. Нұрдәулетов, А. Дәуренұлы қарсыластарына дес бермеді.
#teamkz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер