Қысқы

Конькимен жүгіру: Қазақстан командасы әлем чемпионатына жолдама алды

news-banner7
mobile-news-top

Польшаның Томашув-Мазовецский қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогінің үшінші кезеңі өтуде.

Қазақстан спортшылары жекелей сында айтарлықтай нәтиже көрсеткен жоқ. Конькишілеріміздің басым бөлігі В дивизионында сынға түскен болатын.

Командалық жарыста Қазақстан құрамасы үш кезең қорытындысы бойынша 10-шы орын иеленіп, биыл өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

Бұл бәсекеде ел намысын Д. Гаврилов, Д. Морозов және В. Щиголев қорғауда.

Ал 500 метрге жарысқан Екатерина Айдова 38.914 уақыт көрсеткішімен 12-ші сатыдан көрінді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер