Қысқы

Шорт-тректен әлем кубогі: Абзал Әжіғалиев ақтық сынға өтті

Шорт-тректен әлем кубогі: Абзал Әжіғалиев ақтық сынға өтті
news-banner7
mobile-news-top

Шорт-тректен Қазақстан құрамасының көшбасысы Абзал Әжіғалиев үшін Алматыда әлем кубогі кезеңі сәтті басталды. Ол өзінің оң жамбасына келетін 500 метрде және 1000 метрлік жарыста жоғары нәтиже көрсетті.

Кеше, 7 желтоқсан күні, Әжғалиев 500 метрге жарысудан іріктеу сынын сүрінбей өтті. Абзал өз тобында бірінші орын иеленген болатын.

1000 метрде сынға түскен спортшымыз іріктеуден сәтті өтіп, келесі айналымға жолдама алды. Жартылай финалда ол алғашқы екі орынға іліге алмады. Десе де, видеоқайталау арқылы кеңескен бапкерлер Абзалды «А» финалына өткізді.

1000 метрде бақ сынаған тағы бір спортшымыз Денис Никиша үздіктер қатарынан көрінген жоқ.

Жартылай финалдық және финалдық бәсекелер бүгін өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер