Қысқы

Мәнерлеп сырғанаушы мұзға баспен құлап, есінен танды. Видео

Мәнерлеп сырғанаушы мұзға баспен құлап, есінен танды. Видео
news-banner7
mobile-news-top

Америкалық мәнерлеп сырғанаушы Тимоти Ледук жұбы Эшли Кейнді Хорватияда өткен Golden Spin жарысы барысында мұзға құлатып алды.

Ледук Кейнді бір қолмен көтеріп, жерге түсіретін кезде ұстап қала алмай, құлатып алды. Ақыры ол мұзға басымен түсіп, біраз уақытқа есінен танды. Дегенмен қыз аяғынан тік тұрып, бағдарламаны аяқтады.

Өнер көрсетіп болғаннан кейін ол көрермендер алдына мойын фиксаторымен шықты. Кейн Twitter арқылы жағдайының жақсы екенін хабарлап, ауруханадан шыққанын және қалыпқа келу процестерін үйінде жалғастыратынын мәлімдеген.

Түпнұсқасы: tengrinews.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер