Қысқы

Шорт-тректен әлем кубогының алғашқы медаль иегерлері белгілі болды

news-banner7
mobile-news-top

Алматыда өтіп жатқан шорт-тректен әлем кубогының үшінші кезеңінде 1 мың 500 метр қашықтықтағы әйелдер арасында жеңімпаз атанғандар белгілі болды.

Финалдық бәсекеге қазақстандық Анастасия Крестова қатысты. Ол алғашқыда суырылып шыққанымен жарты жолда кейін қала бастады. Қорытындысында 2 минут 25.636 секунд көрсеткішпен төртінші орынды қанағат тұтты.

Бұл қашықтықта алтын кореялық Ким Гьон Хиге (2 минут 25.280 секунд), күміс ресейлік Екатерина Ефременковаға (2:25.460), ал қола қытайлық Ли Цзинь Юйға бұйырды.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер