Басқа

Алматыда грэпплингтен Азия және Мұхит елдері чемпионаты басталды

Алматыда грэпплингтен Азия және Мұхит елдері чемпионаты басталды
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда грэпплингтен Arlan Grip Selection халықаралық турнирі аясында әуесқойлар мен тәжірибелі спортшылар арасында Азия және Мұхит елдері чемпионатының жалауы желбіреді.

Бұл Азия және Мұхит елдері чемпионаты осымен Алматыда екінші рет өтіп жатыр. Алғашқы рет жарыс 2016 жылы ұйымдастырылды. Оған әлемнің үздік спортшылары қатысты.

Бүгін, жарыстың бірінші күнінде Қазақстан, Австралия, Малайзия, Жапония, Қырғызстан мемлекеттерінен келген 50-ден астам ересек тәжірибелі грэпплерлер күш сынасты. Сайыстар 5 салмақ дәрежесі бойынша өткізілді.

Чемпионаттың ашылу салтанатында құттықтау сөздерімен (АИГА) Халықаралық әуесқойлар грэпплинг ассоциациясының президенті Арлан Шабдарбаев пен арнайы келген қонақ, әлем спортының аңызы Хиган Мачадо шығып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, сайыстың салтанатты ашылуы арнайы шоумен жалғасып, би және қобыз өнерпаздарымен аяқталды. Артынша, барлық қатысушылар бар өнерлерін ортаға салып, бәсекелестік танытты. Қазақстан намысын бұл жарыста тек алматылық спортшылар емес, өзге өңірлерден келген грэпплерлер де қорғады.

Жарыс қорытындысы бойынша, 4 салмақ дәрежесінде жеңімпаз болып қазақстандық спортшылар атанды. Олар Нариман Мыңбаев (65,9 кг), Омар Маннаров (76.9 кг), Рамазан Құсайынов (98,9 кг) және Мансұр Макмаханов (+99 кг). Ал, 87,9 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынды аустралиялық Бенжамин Ходкинсон ұтып алды.

- Бұл чемпионатқа тыңғылықты дайындалдым. Барлығы сәтті өтті. Алған жарақатыма қарамастан, бірінші орынды жеңіп алдым. Қарсыластарым қиын болды. Енді осы бесеуіміздің біреуіне алдағы уақытта әлем чемпионатына шақырту келу керек. Күтеміз, - деді жеңімпаздардың бірі Омар Маннаров.

Айта кетер жайт, бүгінгі чемпионаттың жеңімпаздары 2019 жылы АҚШ-та өтетін әлем чемпонатына жолдама алуға мүмкіндік алып, сонымен қатар, ақшалай сыйлықтарға ие болды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы Arlan Grip медалді иеленді. Бұл жарыс екі күн бойы ABB Arena-да жалғасады. Ертең, 18-ден асқан ересектер мен әйелдер AIGA (әуесқойлар) бойынша сынға түседі. Жарыстың басталуы сағат 11:00-де.

Грэпплингтен әлем чемпионаты екі жылда бір рет өткізіледі. 2021 жылғы әлем чемпионаты алғашқы рет Қазақстанда, жалпы ТМД елдерінде ұйымдастырылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер