Бокс

Түркістан мен Маңғыстау құрамалары финалға шықты

Түркістан мен Маңғыстау құрамалары финалға шықты
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін "Конфедерация Кубогы" турнирінің жартылай финал кездесулері өз мәресіне жетті.

Қарағанды облысы мен Түркістан облысының командалары алғашқы болып рингке көтерілді.

Жас спортшылардан жасақталған кеншілер астанасының құрамасы анағұрлым тәжірибелі боксшылардан тұратын түркістандықтарға төтеп бере алмады. Қорытынды есеп 7:1. Түркістан облысының сапында 2017 жылғы Әлем чемпионымыз Қайрат Ерәлиев, Азия чемпионатының жүлдегері Бекдәулет Ибрагимов сынды спортшылар өнер көрсетті.

Ал Астана мен Маңғыстау облысының командалары арасында керемет тартысты кездесулер өтті.

Елордалық былғары қолғап шеберлері 4:1 есебімен суырылып алға шыққанымен, маңғыстаулық жігіттер намысқа тырысты.

Санатәлі Төлтаев, Ерік Әлжанов, Айболды Дәуренұлы мен Бекзат Нұрдәулетовтер қарсылас шақ келтірмеді. Сонымен, есеп 4:4 болып, қосымша 5 кездесу болуы тиіс еді. Алайда, Астана сапында 91 келі салмақта қосымша жекпе-жекке дайын келген боксшының болмауына байланысты, жеңіс Ақтаудан келген азаматтарға бұйырды.

"Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы" қауымдастығының биылғы додасында боксшыларымыз 8 салмақ дәрежесінде өнер көрсетуде. Олар: 52, 57, 63, 69, 75, 81, 91 және 91 жоғары.

Ертең, Астана уақыты бойынша 10:00 Маңғыстау мен Түркістан облысының командалары "Конфедерация Кубогы" турнирінің бас жүлдесі 25 000 000 теңгені ұтып алу үшін аянып қалмасы сөзсіз. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына келіңіздер немесе"Kazsport" арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Түпнұсқасы: kfb.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер