Қысқы

Шорт-тректен әлем кубогында Анастасия Крестова финалға өтті

Шорт-тректен әлем кубогында Анастасия Крестова финалға өтті
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда шорт-тректен әлем кубогінің үшінші кезеңі жалғасуда. Қазақстандық спортшылар іріктеу сындарын сәтті бастап, жартылай финалдық бәсекелерден сүрінбей келеді. Атап айтар болсақ, Анастасия Крестова бүгін финалға өтті.

2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы 1500 метрге жарысудан финалға жолдама алды.

Бірнеше айналым бойына бірінші орында келе жатқан Крестова мәреге жақындар тұста сәл босаңсып, қарсыласын алға жіберіп алды. Дегенмен, біздің спортшымыз мәре сызығын екінші болып кесті. Бұл финалға өтуге толық мүмкіндік береді.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер